ҰҚК жалпы салмағы 775 кг құрайтын есірткі контрабандасының жолын кесті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг құрады.

"Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан артықты құрауы мүмкін." ҰҚК баспасөз қызметі

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Алматыда әкімшілік ғимарат өртенді

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы