Көлік министрлігі қазақстандық студенттерге жүгінді

Сурет: rail-news.kz
Қазақстан көлік министрлігінде бүгін, 2024 жылғы 14 тамызда оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылатындығын мәлімеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыс "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен бірлесіп жүргізілуде.

"Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды". Көлік министрлігі

Маршруттарға нақты тоқталсақ:

Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді.

Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды.

Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.

Студенттердің өтініштеріне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды