Астанада тағы бір автобус жолағы іске қосылды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
16 тамыздан баастап Мәңгілік ел даңғылындағы Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.


"Bus Lane-тің негізгі мақсаттары – жоғары жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді",- деп атап өтті CTS.

Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта №№ 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.

Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш. Айтматов көшесінде енгізілген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат