"Семей орманы" территориясында 10 өрт ошағы сөндіріліп жатыр

Сурет: Instagram/glpr.semeyormany
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында 2024 жылы 15 тамыздан бастап 18 өрт ошағы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы қызметінің хабарлауынша, 15 тамыз, сағат 18:00-ден 16 тамыз, сағат 13:00-ге дейінгі аралықта "Семей орманы" мемлекеттік орман қоры аумағында 18 өрт ошағы жойылды.

Мысалы, 15 тамызда сағат 18:39-да Бородулин филиалының ауылдық орманшылығының 48-ші кварталының аумағында от шыққаны анықталды. Орман өрт сөндіру станциясынан арнайы техника сағат 18-41-де оқиға орнына аттанды. Өрт 19:12-де оқшауланды.  Қызыл жалын иектеген аудан 0,2 гектарды құрады. Өрттің шығу себебі - жайдың түсуі.

"Барлық өрт бір сағат ішінде жойылды. Қазіргі уақытта 10 орман өрті сөндірілуде", деп хабарлады ведомстводан.

Өрттің шығу себебі ретінде найзағайдың түсуі екені аталды.

2024 жылдың мамыр айында "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының екі қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар жағдайды дұрыс бағаламағаны және ірі өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін кінәлі деп танылды. Бұл іс бойынша өрт кезінде 14 адам қаза тапқан. 2023 жылы 8 маусымда Абай облысында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабы өртенді.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз