Қазақстанда тағы да құрсақішілік үш ота жасалды

Фото: primeminister.kz
Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа ота сәтті жүргізілді, бұл туа бітті болатын патологияны түзетуге септік етіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 19 тамыз күнгі ақпаратына сәйкес, Орталық дәрігерлері Минск республикалық ғылыми-тәжірибелік "Ана мен бала" орталығы феталды медицина бөлімшесінің меңгерушісімен бірге Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарынан келген үш жүкті әйелге ота жасады.

Отаны жасау аясында мына жұмыстар атқарылды:

"Барлық оталар сәтті жасалды, науқастардың жағдайы дәл қазіргі сәтте тұрақты. Олардың жүктілік кезіндегі денсаулығын мамандар ұдайы бақылап, ұрықтың одан әрі дұрыс дамуын қамтамасыз етуде".Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл оталарды жасау денсаулық сақтау министрлігінің "Фетальды медицина" жобасының арқасында мүмкін болды. Енді қазақстандық әйелдер әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялы көмекті алып, дүниеге дені сау бала әкелу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Аталған жоба озық медициналық технологияларға қолжетімділікті ұлғайтуға және Қазақстандағы жүкті әйелдердің босанар алдындағы көмек деңгейін жақсартуға бағытталған, ол болашақ аналарға баласының денсаулығын өмірінің басынан бастап сақтауына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 24 шілдеде Қазақстанда алғаш рет жүктіліктің 19-шы аптасында әйелге бірегей ота жасалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін