Алматы тауларында түнде өзен аңғарынан өте алмаған туристер, аралда қалып қойған

Сурет: pixabay
Алматы облысында жорыққа шыққан екі адам тасқыны қатты өзеннен кері өте алмай қиындыққа тап болды. Оларға дер кезінде ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға 20 тамызға қараған түнде орын алған. Екі ер адам Іле Алатауының Сол Талғар шатқалына жорыққа шығып, аралда қалып, өзеннен кері өте алмаған. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген туристерді байқап, құтқарушыларға хабарласуын сұраған. 

Құтқарушылар ер адамдарды альпинистік жабдықтардың көмегімен ағысы күшті өзеннен өткізіп, Талғар асуы арқылы Алматы қаласына аман-есен жеткізді.

Туристерге медициналық көмек қажет болмады.

Ал, Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылмай жатыр. 

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек