Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылмай жатыр

Құтқарушы, Қостанай облысы, Тобыл, өзенге батқан бала, іздеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 22:40 Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері осымен екінші тәулік су ағызып әкеткен баланың денесін таппай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елдімекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.

ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.

"19 тамыз, сағат 21-09, бала әлі табылған жоқ", делінген төтеншеліктердің соңғы хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: