Жетісу облысында өзенге батып кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Құтқарушылар, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, өзен, әскери қызметкер, денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 17:58 Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында сарқырап ағып жатқан өзеннен арқан арқылы өтуге тырысқанда су ағызып әкеткен әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2025 жылы 15 мамырда өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

15 мамырда  Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға болған жерден 15 шақырым төменде Көксу өзенінен ТЖД-ның Оперативті-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, жағаға шығарды.

"Табылған кезде марқұмның үстінде киімінің бір бөлігі болған. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне табысталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды". Жетісу облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі

Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы табиғи және ауа райының күрделі жағдайында жүргізілді.

Операцияға барлығы 98 адам және 22 техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖД күштері, әскери полиция, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, әскери бөлімдер және марқұмның туыстары қатысты.

Бұған дейін Жетісу облысында тауда батқан көлікке көмекке атанған құтқарушылар үш шақырым жаяу жүргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: