Оралдық дәрігерлер терезеден құлап кеткен екі жасар қыздың хәлі туралы ақпарат берді

Фото: primeminister.kz
25 тамызда 103 операторының пультіне У. Громова көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатынан баланың құлауы туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының ДСБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жедел жәрдем бригадасы екі жасар қызды облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.

"Қыз нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, ауырлығы орташа жағдай. Қажетті ем алып жатыр", - дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов - Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. Қаза тапқандардың бірі Қазталов аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді