Атырау қаласы маңында үш бала Жайық өзеніне батып кетті

Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш бала Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін түс ауа болған.

"2024 жылы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2008 жылы туылған ұл балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсіп, батып кеткендігін анықтады. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18: 25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды". Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Үшінші жасөспірімнің денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД сапынан 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы