Ақтауда ер адам суға батып кетті

Сурет: pxhere
Қайғылы оқиға Каспий теңізінің "Алау" балалар лагері маңындағы жағалауында болды. 30 тамызда оқиға куәгерлері ер адамның денесін тауып, судан алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті сілтеме жасап, lada.kz басылымы жазады.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 30 тамызда, таңғы 9:54-те болды.

"Куәгерлер 1977 жылғы ер адамның денесін судан алып шықты. Ол шомылуға арналмаған жерде суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген өңірлік төтеншеліктер хабарламасында.   

Айта кетсек, 11 тамызда Алакөлде жасөспірімді құтқармақ болған тоғыз жастағы баланың өзі суға батып кете жаздаған еді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін