Жаңалықтар тізбегі
0

Алакөлде жасөспірімді құтқармақ болған тоғыз жастағы баланың өзі суға батып кете жаздады

Алакөл, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2024 16:00 Сурет: Zakon.kz
Оқиға бүгін, 11 тамыз күні Ақши ауылындағы Алакөл көлінде болған. Жасөспірім суға батып кете жаздағанда, тоғыз жастағы бала өз өмірін қатерге тігіп, оны құтқармақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім көлде жалғыз өзі жүзіп жүрген, суда шұңқыр болып, ол сол жерге түсіп, бата бастаған. Мұны демалушылардың бірі байқап, адамдарды көмекке шақыра бастаған.

"Бейбарыс есімді бала әлдекімнің көмекке мұқтаж екенін түсініп, ойланбастан жасөспірімді құтқармақ болған. Алайда соңында олар бірге тұншыға бастаған. Кейінірек үшінші құтқарушы көмекке жетіп, екі баланы да судан алып шықты", - деп жазды Chris_p_brothers.

Әжесінің айтуынша, ерлігімен көзге түскен тоғыз жастағы бала бұған дейін жол апатына тап болып, қатты күйзеліске ұшыраған. Сол себепті оны Алакөлге демалысқа жіберген көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: