Оралдықтар ыстық судың "тағы да" өшетініне наразы

Фото: пресс-служба акимата Алматы
2 қыркүйекте Орал тұрғындарына қаладағы ыстық судың уақытша өшірілетіні жайлы ескертілді. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде лезде наразылық тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстық судың 2 қыркүйек күні таңертеңнен 4 қыркүйек кешке дейін болмайтыны жайлы ақпаратты "Жайықжылқуат" АҚ өздерінің Instagram парақшасында жариялады. Шаралардың магистралдық құбырда жоспарланған гидравикалық сынақтарға байланысты қабылданғаны да атап өтілді.

Мекеме желідегі наразылықтарға қарамастан, 208 жеке тұрғын үйден бөлек, әлеуметтік мекемелерде де ыстық су өшірілетінін мәлімдеді. Оның қатарында:

Сурет: Instagram/ao_jte

Жазба астындағы комментаторлардың ақпаратына сүйенсек, ыстық су бір апта бұрын ғана өшірілген. Кейбіреулердің айтуынша, одан бері ыстық су берілмеген үйлер де бар. Бұдан бөлек тұрғындарды мекеме жаңа оқу жылының басында мұндай қадамға қалай барғаны таңғалдырды.

Бұған дейін Оралда көлікке Ресей нөмірін таққан жүргізуші үш күннің ішінде 40-қа жуық жол ережесін бұзғаны хабарланды.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма