Оралда көлікке Ресей нөмірін таққан жүргізуші үш күннің ішінде 40-қа жуық жол ережесін бұзған

Оралда көлікке Ресей нөмірін таққан жүргізуші үш күннің ішінде 40-қа жуық жол ережесін бұзған, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 09:14 Сурет: polisia.kz
Оралда полиция үш күннің ішінде 40-қа жуық жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі полиция департаментінің ақпаратынша, құқық бұзушылықты жасаған адамды "SuncarSmartQorgau" жүйесі арқылы анықтаған. Оның көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған.

"Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды",- деп мәлімдеді полиция.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Бұған дейін Атырауда абақты бастығы тұтқындалғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: