Оралда үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған жүргізуші құрықталды

Полиция, Орал, жол ережесін бұзу, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 22:27 Сурет: Zakon.kz
Оралда үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында "SuncarSmartQorgau" жүйесі кеңінен қолданылады.

"Оның көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды", делінген полиция хабарламасында.

Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталғаны да нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: