Қызылордада жол ережесін өрескел бұзып, кептеліс жасаған үш жүргізуші анықталды
Сурет: видеодан скриншот
Қызылордада үш жүргізуші Жол жүру ережесін өрескел бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 мамыр күні сағат 22:50 шамасында Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің қиылысында үш автокөлік Тасбөгет кентіне қарай бағыт алу барысында жол жүру ережесін бұзып, жол кептелісін жасаған. Бұл жағдай жедел басқару орталығының бейнекамерасына түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында болған үш көліктің жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданды.
"Ваз-2107 автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен, 593-бабының 1-бөлігімен хаттамалар толтырылып, құжаттар жинақталып, сотқа жолданды".Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылған.
"Ал, BMW көлігінің жүргізушісіне 593-бабының 1-бөлігімен және 615-бабының 1-бөлігімен хаттамалар толтырылды. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдық режимін сақтамау және қозғалыстың қарсы бағытына шығу".Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Осы ретте Қызылорда облысының полиция департаменті жүргізушілерді өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript