Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жильбер Унгбоға ілтипат білдіріп, оның бұл сапары Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымының арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Халықаралық еңбек ұйымының әлеуметтік әділдік қағидаттарын жаһандық ауқымда дамытудағы рөліне тоқталды.

"Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл тұжырымдама Сіздердің әлеуметтік әділдік бастамаларыңызбен үндес. Халықаралық еңбек ұйымының сенімді әрі әділ, тиімді әлеуметтік келісімді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбеккерлердің құқығын ілгерілету ісіндегі миссиясы ешқандай талас тудырмайды. Қазақстан Ұйымның 25 негізгі конвенциясын ратификациялады. Бұл жұмыс жалғаса береді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, заң үстемдігі мен адам құқығын қорғау бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәлімет берді.

Жильбер Унгбо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстанды құру жолында жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады

Бұдан бөлек, Президентке Үкімет мүшелерімен нәтижелі кездесулер өткенін және Халықаралық еңбек ұйымының мақсат-міндеттерін ілгерілету мәселесінде Қазақстанның аймақта көшбасшы екенін атап өтті.

"Сіздің еліңіз әлеуметтік, еңбек жағдайын жақсартуға айтарлықтай күш салып отыр. Бұл біздің Ұйымның Әлеуметтік әділдік үшін жаһандық коалициясы аясындағы бастамаларына сай келеді", – деді Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жильбер Унгбо Қазақстанның әлеуметтік саясатын нығайтуға бағытталған шараларды ынтымақтаса отырып жүзеге асыруға және Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тиімді серіктестікті дамытуға келісті.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек