Ташкент тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Сурет: wikimedia
Көрші Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін елорда тұрғындары да сезінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығы хабарлады.

"2024 жылдың 9 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те (09.09.2024 ж. 00:45) Өзбекстан Республикасының аумағында жер сілкінісі болды. Эпицентрі: Ташкент қаласы, Мирзо-Ұлықбек ауданы. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,33 градусы; Шығыс бойлық 69,38 градус. Магнитудасы M=3,6. Тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 10 км", — делінген дүйсенбіде тараған хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің күші Ташкенттің басқа аудандарында да сезілген:

2024 жылы 4 қыркүйекте Қырғызстанның оңтүстігінде, Алай алқабында сағат 15:43-те магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін