Маңғыстау облысында жеті жасар қыздың қолына үшкір арматура кіріп кетті

Сурет: Маңғыстаау облысы ТЖД баспасөз қызметі
7 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Маңғыстау облысында Сайын Шапағатов ауылында үй қоршауындағы үшкір арматура қыз баланың қолына кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар гидравликалық қайшының көмегімен арматураны кесіп алды. Содан соң бала жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағылар қазіргі уақытта бала Травматология және ортопедия бөлімінде екенін нақтылады, деп жазады lada.kz.

"Арматураны алу үшін қолға хирургиялық ота жасалды, одан кейін жараны зарарсыздандыру, емдеу шаралары жүргізілді. Науқас барлық қажетті ем-домды алып жатыр", - деді ауруханадағылар.

Емдеуші дәрігер нақтылағандай, сүйектердің сынуы мен нервтердің зақымдануы болмады. Балаға сәтті ота жасалды. Жараны емдеп жатыр. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.

Бұған дейін Екібастұзда құтқарушылар баспалдақ қоршауындағы темір арасына басы қысылып қалған балаға көмектескені хабарланған. 

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді