Алматыдағы электромобиль иелері тегін тұрақ үшін тіркелуі керек

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 18 қыркүйегінде электромобильдерге арналған тегін тұрақ туралы заң күшіне енеді. Алматының коммуналдық ақылы тұрақ операторы электр тартқышы бар автомобильдерді арнайы тізілімге қосу рәсімін түсіндіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Электромобильдердің иелері тиісті растайтын құжат негізінде коммуналдық тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Жеңілдіктер тізіліміне енгізу үшін электромобильдердің меншік иелері "Алматы паркингіне" жүгінуі немесе техпаспорттың сканерленген нұсқасын қоса бере отырып, "Е-Өтініш" сайты арқылы өтініш беруі қажет", – деп хабарлады кәсіпорын.

Компания өтініш және оларға қоса берілген құжаттар қаралғаннан кейін деректерді тізілімге енгізу туралы тиісті шешім шығатыны атап өтті. Өтінімді қарау мерзімі – 15 күнтізбелік күн.

Әрбір өтініш берушіге шешім көрсетілген ресми жауап беріледі. Бір жылдан кейін жоғарыда аталған процедураны қайталау қажет, өйткені тізілім жыл сайын жаңартылып отырады.

Бұған дейін жекеменшік жеңіл моторлы ұшақтың Ақмола облысындағы тас жолға қонғаны хабарланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады