Алматыда әскери институт аймағында офицердің өлі денесі табылды

Сурет: univery.kz
Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институты аймағында сержант суицид жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 2024 жылдың 13 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде пайда болды. Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институтында 44 жастағы әскери қызметкердің мәйіті табылды.

Институт ақпаратты растады.

"Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ-де болған жағдайға түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды".ҚР ІІМ

Бұған дейін, 8 қыркүйекте Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапқаны хабарланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады