"Оңай" жолмен ақша таппақ болған елордалық баспанасынан айрылды

Фото: pexels
Астана тұрғыны ақшасын айналдыруға уәде берген досына сеніп, ақшасыз және баспанасыз қалды. Бұл туралы 2024 жылдың 16 қыркүйегінде елордалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам мегаполис полициясына арызбен жүгінді. Оның айтуынша, досы ақшасын алдап алған.

"Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы ақшалай қаражатты иемденген 34 жастағы әйелді анықтады. Алаяқ алған ақшаның барлығын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал, жәбірленушіге қаражатты пайызбен қайтарамын деп құр уәде беріп келген".  Астана ПД баспасөз қызметі

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу барысында айыпталушының осыған ұқсас үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды". Астана ПД баспасөз қызметі

Елордалық полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарға мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды