Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйден от шығып, өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды

Сурет: видеодан алынды
16 қыркүйекте Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер мен балкон өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір уақытта от екінші қабаттағы балконға ұласып, 30 шаршы метр алаңды қамтыған.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан автосатының және үш сатылы баспалдақтың көмегімен 10 тұрғынды құтқарды, оның алтауы-  балалар. Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады