Ресейге адыраспан апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: pxhere
Ресейге адыраспан апарып, тұтқындалған отандастарымыздың саны артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені көрші елдің заңнамасына сәйкес, адыраспан шөбі құрамында есірткі немесе психотропты заттар бар өсімдіктердің тізіміне енгізілген.

Сондықтан биылғы ақпаннан бастап оны тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ресейде адыраспанды қолданғандар, сатқандар және сақтағандар 1 миллион рубльге дейін, яғни 5 миллион теңгеден астам айыппұл арқалап, тіпті бас бостандығынан айырылады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ресей Федерациясына адыраспанды алып келу заң бұзушылық болып есептеледі, оған үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондықтан бұл мәселені өте мұқият қарау керек. Біз елшілік мысалы, консулдық бөлім, біздің бас консулдықтар да міндетті түрде біздің азаматтарымызға біз көмектесеміз, бірақ Ресей Федерациясының заңын бұзған кезде, ұсталған кезде, оның бәрі дәлелденгеннен кейін, міндетті түрде біздің азаматтарымыз тұтқындалады." Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Ауылға жұмысқа барған мамандарға әлеуметтік қолдау қалай көрсетіледі

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер