Атырау облысында Каспий теңізі жағалауындағы қамысты алқап өртеніп жатыр

7 қазанда таңертең Атырау облысында Каспий теңізі жағалауындағы қамысты алқаптан түтеп-бықсу фактілері анықталған. Аумақтың сулы-батпақты болуы, автокөлік жүретін жолдардың болмауы от ошақтарын сөндіруге қиындық туғызуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтағы төтеншеліктер 2024 жылы 7 қазан күні сағат 13:00-де Каспий теңізінің жағалауына әуеден Еврокоптер арқылы барлау жұмыстарын жүргізді.

"Бортынды 4 адам және 2 экипаж бар "Еврокоптер" ЕС-033 тікұшағы көкке көтеріліп, Құрманғазы ауылынан 43 шақырым және Зинеден ауылынан 56 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында, сулы батпақты жерлерде шамамен 5 гектар болатын қамысты алқаптың бықсып жатқаны анықтады. Қазіргі уақытта аумақтың сулы-батпақты болуы, автокөлік жүретін жолдардың болмауы от ошақтарын сөндіруге қиындық туғызып отыр". Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сағат 15:15-те бортында 5 экипаж және 18 құтқарушы бар "Қазавиақұтқару" АҚ-қа тиесілі МИ-8 тікұшағы қамысты алқаптағы өрт ошақтарын сөндіру үшін көкке көтерілгені де нақтыланады.

"Сағат 17.00-ден бастап тікұшақтан су төгу жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жақын елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі ерекше бақылауда. Әлеуметтік желіде Атырау облысындағы қамыс өрті Ресей Федерациясының шекаралас кейбір аймақтарының түтін басуына түрткі деген ақпарат расталған жоқ. Өйткені қамыс өрті болып жатқан аумақ пен Ресей шекарасының арасы 150 шақырымды құрайды". Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Бұған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында және Павлодар облысындағы Баянауыл табиғи паркінде дала өрті болып жатқаны, қызыл жалын 21 мың гектар жерге тарап үлгергені хабарланған.

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: