Екі өңірді қамтыған алапат өрт: қызыл жалын 21 гектар жерге тарап үлгерді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында және Павлодар облысының Баянауыл табиғи паркінде дала өрті болып жатыр. Қызыл жалын 21 мың гектар жерге тарап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуібековке сілтеме жасап, ekaraganda.kz жазады.
"Өрт шалған аумақтың жалпы ауданы 21 мың гектарды құрайды. Тартылған күштер мен құралдар өртке қарсы күрес және өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда", – деді Ораз Тәуірбеков.
7 қазанда таңертең Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өрт шалған аумақ 6 мың гектарды құрағанын және өрт оқшауланғанын хабарлады. Өрт 6 қазанда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарағанды облысымен шектескен ормансыз аумағында болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript