Солтүстік Корея оңтүстік көршісімен арадағы жолдарды жауып тастады

Сурет: pixabay
Солтүстік Корея армиясы Оңтүстікпен арадағы барлық автожолдар мен теміржолдарды толық жапты және де Пхеньян шекарадағы қорғанысты нығайтып жатыр.

Мұны бүгін осы елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Олардың дерегінше, Ким Чен Ын билігі мұндай шешімді Оңтүстік Кореяның әскери жаттығу өткізуіне жауап ретінде қабылдаған.

Ал өткен тәулікте Солтүстік Кореяда парламенттің негізгі сессиясы ашылды.

Онда азаматтардың еңбекке араласу және дауыс беру жасы өзгертіліп, өнеркәсіп пен экономика жайлы заң қабылданып, жаңа қорғаныс министрі тағайындалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен жиында Оңтүстікпен бірігу туралы сөзді Конституциядан алып тастау мәселесі қозғалмады.

Айта кетсек, бұндай өзгеріс туралы қауесет халықаралық баспасөзде бірнеше ай бұрын тараған еді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды