Шымкентте бірнеше қылмыстық топ тұтқындалды

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар 10-нан астам топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ ақпаратынша, 8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобы ұсталды. Олардың келесі қылмыстарға қатысы барлығы анықталды:

Сондай-ақ, Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

"Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде "заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Алматы полициясы 8 қазанда заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады