Алматы облысында бір кеште екі жаяу жүргінші жол-көлік апатынан қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Өткен тәулікте Алматы облысында екі жаяу жүргіншінің өмірін қиған қайғылы оқиғалар тіркелді. Екі жағдайда да құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.

Алғашқы апат Қаскелең қаласы маңындағы Алматы – Бішкек тас жолында тіркелді. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Өкінішке орай жәбірленуші ауыр жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Екінші қайғылы оқиға Іле ауданының Ынтымақ ауылында болды.

Алматы – Өскемен тас жолында Lexus RX-350 көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған тағы бір жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан ол да сол жерде көз жұмды.

Құқық қорғау органдары көлік жүргізушілеріне жылдамдықты шектеу ережелерін сақтауды және жолда аса мұқият болуды ескертеді.

Әсіресе кешкі уақыттарда және көріну шектелген жағдайларда ерекше сақ болу маңызды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы белгіленген жерлерде өту қажеттігін, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды екенін тағы бір рет еске салады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланды

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

Еститін мемлекет: министрлердің халықпен кездесуі қалай өтеді

Әнші Нұрмұқасанның көмекшісі сотталды