Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенді

Сурет: pixabay
Астанада жүк көлігі өртеніп, оған тиелген газ баллондары бір-бірлеп жарыла бастады. Салдарынан сол маңдағы үш жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, делінген Астана қалалық ТЖД-ның Telegram арнасында.

"Байқоңыр ауданында, Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі жанып, олар ыстық жалын салдарынан жарыла бастады. Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды. Сол маңда тұрған үш көлікке өрттен зақым келді". Астана қалалық ТЖД

Өрт сөндірушілер сегіз көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17 газ баллонның 11-ін өрттен құтқара алды. 


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді