Талғар изоляторынан қашқан күдікті негізгі жазадан бөлек, қосымша 3 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: polisia.kz
Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев қосымша үш жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратынша, қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан табылды. Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.

"Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді".Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі

Күдікті қашқынның 25 қазанда ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

Ақтөбеде жылан шаққан 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады