Қостанай облысында қазандық жарылды

Сурет: Instagram/tobol_info
2024 жылы 6 қарашада Қостанай облысындағы Мәдениет үйінің бқлек орналасқан қазандығы жарылып, ғимарат бүлінді. Бұл туралы ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі Zakon.kz-ға ұсынды.

Үйінді астынан 55 жастағы ер адам құтқарылды. Ол бірден ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушіні Арқалыққа жеткізу үшін дәрігерлер мінген тікұшақ көкке көтерілді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыс болған кезде ғимаратта өзге адамдар болмаған. 

Амангелді ауданының әкімдігі аталған оқиғаға қатысты толыққанды мәлімет ұсынды.

 "Аман-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты N2 қазандық 2 қабатты үш тұрғын үйді және әкімшілік ғимараттарды (сот, мұражай, мәдениет үйі) жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сол қазандықтағы 2022 жылы орнатылған жылу қазандығы жарылып, оқыс оқиға орын алды. Оқиға барысында 1969 жылы туған науқас Амангелді аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Науқасты аудандық ауруханадан Арқалық қаласындағы өңірлік ауруханаға жеткізу мәселесін шешу және емдеу шараларын реттеу мақсатында санитарлық авиация арқылы ауданға анестезиологтар бригадасы жіберілді", - деді аудан әкімі Қанат Кеделбаев.

Жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін бір тәулік ішінде дайын контейнерлік типтегі блоктық-модульдық қазандық орнатылатыны да нақтыланады.

"Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстары кезінде қазандыққа қосылған үйлердің тұрғындарына жылумен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Тұрғындар жылусыз қалмайтын болады", деп сендіреді жергілікті әкімдіктегілер.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді