Алматыда полиция капитаны пышақ жарақатын алды

Фото: polisia.kz
Алматыдағы Алатау ауданында 2024 жылғы 12 қарашаға қараған түні тамақ ішетін орындардың бірінде төбеліс орын алды. Оның барысында полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram арналарының бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес мегаполистегі кафелердің бірінде болған, ал кеуде қуысынан пышақ алған полиция капитаны ол жерде қызметтен тыс болған.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция "қылмыстың мән-жайы анықталуда" деп мәлімдеді.

Бұған дейін Таразда "екі әйелді зорлап өлтірген" 28 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады