Жауып тастаған жолдарға шығып кеткен жүргізушілерге қандай жаза қарастырылады

Сурет: Zakon.kz
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 14 қарашада ОКҚ-да өткен брифинг барысында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған тас жолдарға шығып кеткен жүргізушілерге қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайсар Сұлтанбаев бұл арада түрлі жағдай қарастырылатынын айтады.

"Негізінен, жолдың жабылғанын біліп, полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, жолға шығып кететінін жүргізушілер жазаланады. Иә, мұндай жүргізушілерге қатысты біз шара қолданамыз, айыппұл саламыз, істі сотқа 667-бап бойынша жолдаймыз. Ал ол бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады және 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады", – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шынымен де хабарлама алмағандар болады, сөйтіп жолға шығып, қар құрсауында қалып кетіп жатады.

"Біз оларға, керісінше көмектесеміз. Біз көптеген адамды, тіпті мыңдаған адамды қар құрсауынан алып шыққанбыз. Полиция бірінші кезекте жазалау үшін емес, өз халқы үшін қызмет етеді. Полиция тек заңды бұзғандарды және полицияның заңды талаптарына бағынбағандарды жазалайды", деп сендіреді спикер.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды