Қолайсыз ауа райына байланысты екі өңірде жол учаскелері жабылды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты тас жол учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 970-1135 шақырымы, яғни Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасы аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ 2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30-да Павлодар облысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Шидерті ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.


Қарағанды
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды