Петропавлда 3 жасар балақай құтқарылды

Сурет: pexels
СҚО-ның облыс орталығында үйде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ дерегінше, оқиға облыс орталығының көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Балақай шешесі шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.

Мазасызданған ана 112 қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар саты арқылы бірінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, баланы тыныштандырып, есікті іштен ашып берді. Кішкентай қожайын зардап шеккен жоқ.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!",- делінген ведомство ақпаратында.

Бұған дейін атыраулық 30 жастағы әйелдің жоғары қабаттан секірмек болғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты