Құқық қорғау органдарының талабына бағынудың орнына, жүргізуші жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқан. Алайда, Раскова көшесіне бұрылған сәтте көлік рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Оқиға орнында жүргізуші қашып кетпек болғанымен, тәртіп сақшылары оны дереу қолға түсірді.
Медициналық тексеру жүргізушінің мас күйде болғанын дәлелдеді. Заң бұзушының ісі сотта қаралып, әкімшілік жазаға тартылды. Сот қаулысымен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс аумағында 11 желтоқсаннан бастап "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара аясында 1271 құқық бұзушылық анықталып, оның 22-сі мас күйінде көлік жүргізу фактісі бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары азаматтарды өз өмірі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырады.
Егер алкогольді ішімдік ішуді жоспарласаңыз, рөлге отырмауды алдын ала ойластырыңыз. Қоғамдық көліктерді, такси қызметін немесе сау жүргізушілердің көмегін пайдаланыңыз.