Ақтауда болған төбелес видеоға түсіп қалды

Фото: pixabay
Ақтаудағы 20-шағын ауданда жаппай төбелес болып, оның видеосы Қазнетте тарап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда оқиғаға қатысушылардың тек төбелесіп қана қоймай, көпшілік болып көлікті зақымдап, кейін оқиға орнынан жүріп бара жатқан көлікті қуалауға тырысқаны көрсетілген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі lada.kz сайтына оқиғаға қатысушылардың барлығының жеке басы қазірдің өзінде анықталғанын хабарлады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер түсіндіргендей, жанжал отбасылық келіспеушіліктен басталып, кейіннен жаппай төбелеске ұласқан.

Бұған дейін тағы бір оқиға хабарланған болатын. Жаңа жыл түні Алматыдағы кафелердің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелес шығарды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін