Қостанайда синтетикалық есірткі жасырған күдікті ұсталды

Фото: pexels
Қостанай қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам мен әйелді ұстады.

27 жастағы ер адамның жеке заттарын тінту кезінде ақ түсті ұнтақ салынған 8 пакет табылды. Ал оның бірге тұратын әйелінен жасыл түсті өсімдік заты бар байлам тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде ақ ұнтақ синтетикалық есірткі мефедрон, ал өсімдік заты марихуана екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті есірткіні қала бойынша жасырып кеткен орындарын көрсетті. Нәтижесінде полиция қызметкерлері қосымша 12 есірткі орамын тәркіледі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам есірткі тасымалдау және жасыру ісімен өткен жылдың қараша айынан бастап айналысқан. Ол есірткі байламдарын қалдыру үшін камералар орнатылмаған және көзге түсетін орындардан аулақ жерлерді таңдаған.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің қылмыстық топ құрамындағы рөлі мен әрекеттерін анықтауда.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды есірткі қылмысына қарсы бірге күресуге және заңсыз әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз