Қар көшкініне байланысты ШҚО-дағы республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды

Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 09:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының бір бөлігі жабылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы мекеме баспасөз қызметінің мәліметінше, қар көшкінінің профилактикалық түсуіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының 46-66 шақырым, яғни Северное ауылынан Серебрянск қаласы аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді.

"2025 жылғы 12 қантар сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған", делінген ресми хабарламада.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды