Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Фото: Zakon.kz
Алматы полициясы балаларды көлікте арнайы орындықтарда тасымалдауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ЖҚЕ қатаң сақтауды, соның ішінде ЖКО салдарынан болатын жарақаттарды азайту үшін арнайы балаларды ұстау құралдарын пайдалану қажеттігін ескертеді.

"Жыл басынан бері Алматы жолдарында балалардың қатысуымен 1511 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан төрт бала қаза тауып, 1600-ден астам бала жарақат алды. Бұл сандар алаңдаушылық туғызуы керек. Балаларды авто орындықтарға отырғызу әуре-сарсаң емес, бұл жол қозғалысының ең жас қатысушыларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін талаптар екенін түсіну өте маңызды", – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне тақырыптық жадынамалар таратып, балалар арасындағы жол-көлік жарақаты мәселесіне ересектердің назарын аударды.

"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі ең алдымен өзімізге байланысты. Көптеген ата-ана баласын тасымалдау үшін авто орындықты сатып алмаймыз деп айтады, себебі балалар тез өсіп кетеді, арнайы орындықтар кіші болып қалады. Бірақ шын мәнінде, сіз балаларды тасымалдауға арналған трансформацияланатын орындықты сатып ала аласыз. Балаларыңызға қамқор болыңыздар және олардың қауіпсіздігін алдын ала ойластырыңыздар", – деді Тимур Ноғайбаев.

2025 жылдың 10 қаңтарында Алматы полициясы қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне кальян шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемін еске салды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді