Алматыда қараусыз қалған үйден 15 жастағы оқушының денесі табылды

Фото: polisia.kz
Алматыда қараусыз қалған үй маңынан 9-сынып оқушысының мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегінше, оқушының қасында өзі жазған хаты жатқан. Онда жақындарынан кешірім сұраған. Қатарластарының айтуынша, соңғы уақытта оның көңіл күйі болмапты.

"Оны соңғы рет өткен жұмада көрген болатынмын. Көңіл күйі болмаған, дабырқау болды. Негізі жақсы жігіт еді. Ашық-жарқын. Бір жылдан бері таныспыз. Осында әкесімен, әжесімен тұратын. Өлерінің алдында хат жазып кетіпті, кешірім сұрап",- деді достарының бірі.

Белгілі болғандай, жасөспірім қаланың жоғарғы жағындағы ауданда әкесімен және әжесімен бірге тұрған. Анасы 10 жыл бұрын көз жұмыпты.

Қазір полиция 15 жастағы жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті.

Бұған дейін Астанадағы қанды оқиға жайлы тың мәліметтер белгілі болғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін