"Рахмет үшін айыппұл": Алматы полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Сурет: pexels
Алматы полициясы 21 қаңтарда Қазақстанда авариялық жарық сигналын қосу арқылы "рахмет" айтқан жүргізушілерге айыппұл салына бастағаны туралы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадр сыртындағы дауыс заң бойынша алғыс айтқан кезде авариялық жарық сигналын қосуға болмайтынын айтып жатты.

Алматы полиция депортаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жүргізуші төтенше жағдай жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға "Е-Өтініш" порталы арқылы Назарбаев даңғылында минивэн жүргізушісі оң жақ жолақтан солға ауысқан кезде төтенше жағдай туғызғаны туралы азаматшадан арыз келіп түсті. Ол өз арызында құқық бұзушыға шара қолдануды сұраған. Тексеру барысында жүргізуші анықталып, жергілікті полиция қызметіне шақырылды. Қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 606-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды",- делінген ақпаратта.

Апаттық сигналға келетін болсақ, жүргізуші инспекторға оны пайдалану ережелері туралы сұрақ қойды.

"Алайда, қызметкердің жауабы контекстен алынып, жарияланған видеода жауапқа тартудың себебі ретінде бұрмаланып, жұртшылықты жаңылыстыруға себеп болды", – деп жалғастырды полиция.

Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі, әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты таратпастан бұрын оның растығын тексеруге шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді