"Жарылыс болып, қабырғалар қирады". Жезқазғанда мұнай базасы аумағында өрт болды

Сурет: видеодан алынды/ҚР ТЖМ
Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы үш автокөлік өрттенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қоспасынан жарылыс туындап, ангардың қабырғалары қирады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ құтқарушылары күрделілігі жоғары өртті жоя алғаны баса айтылады.

"Оқиға орнына бірнеше минут ішінде дереу келген ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері қорғаныс жылу шағылыстырғыш костюмдерінде өртті сөндіре бастады. Іле-шала қосымша өрт сөндіру құрамы да келіп жетті. Қанат жайған жедел штаб жанармайы бар резервуарды салқындату арқылы қорғау үшін бір звеноны от ішіне жіберу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Жану орнына жақын тұрған гидранттарға автоцистерналарды орналастыра отырып, өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен өртті 100 шаршы метр алаңда сөндірді". Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Дидар Құйқабаев

Өрт салдарынан мұнай базасының төрт қызметкері ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Қостанай облысында екіқабатты әкімдік ғимараты түгі қалмай жанып кеткені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды