Қостанай облысында екіқабатты әкімдік ғимараты түгі қалмай жанып кетті

Өрт, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Айдарлы ауылы, әкімдік, ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2025 09:27 Сурет: Zakon.kz
24 қаңтарда Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылы әкімдігінің екі қабатты ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар желіде тарады. Видеода бүкіл ғимараттың отқа оранғанын көруге болады. Облыстық ТЖД кезекші пультіне екі қабатты ғимараттың шатыры өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндіру құрамы дереу аттанды. Елдімекеннің аудан орталығынан алыс орналасуы жағдайды қиындатты, ал ғимараттың ағаш құрылымы өрттің тез тарауына түрткі болды. Өрт шатырға тез тарады. Түтіннің қалың болуы, төмен ауа температурасы және желді ауа райы жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупін арттыру тұрғысында қосымша қиындықтар туғызды", делінген хабарламада.

Барлық қиындықтарға қарамастан, өрт 100 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен жойылды.

Ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады, бірақ өрт сөндірушілер оның толық жойылуына жол бермей, жақын маңдағы ғимараттарды да сақтап қалды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: