"Алматы Аренадағы" өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Өрт сөндірушілер Алматы қаласының Мұз сарайындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь өртенгені белгілі болды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ондағы бөгде адамдар мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген. Газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен 2013, 2016, 2019 жылы туылған төрт бала құтқарылды.

"Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей, оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді", деп нақтылайды қалалық төтеншеліктер.

2025 жылдың 25 қаңтарында Жезқазған мұнай базасында жарылыс болып, төрт адам зардап шекті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы