Павлодар облысында аса ірі көлемде есірткі сақтау және тарату фактілері анықталды

Фото: pexels
Павлодар облысының прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Железин ауданының прокуратурасы полициямен бірлесіп, кинологиялық қызметті тарта отырып жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылған.

Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы бір жағдайда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған.

Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі