Павлодарда "SOS" түймесі әйелге қауіпті жағдайдан құтылуға көмектесті

Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысының тұрғындары төтенше жағдайда полицияға хабарласудың тағы бір тиімді тәсілін пайдалана алады. Егер басқа мүмкіндіктер болмаса, олар "SOS" батырмасын басу арқылы көмек сұрай алады.

Кез келген төтенше жағдайда "SOS" батырмасы арқылы полицияға хабарласуға болады, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Жуырда жедел басқару орталығының операторына "SOS" батырмасы арқылы бейнеқоңырау түсті. Әйел адам полициядан көмек сұрап, танысымен жанжалдасып қалғанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Жәбірленушінің өтініші негізінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгілі болғандай, әйелдің ұялы телефоны бұзылып, жаңасын сатып алуға үлгермеген. Дегенмен, қиын жағдайға тап болған сәтте "SOS" батырмасын байқап, оны пайдаланды.

"Менің қоңырауым мүмкін мені ауыр қылмыстые құрбаны болудан құтқарған болар", – дейді жәбірленушінің өзі.

Полиция департаменті егер құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалуға, "Police 102" мобильді қосымшасын немесе "SOS" батырмасын пайдалануға болатынын еске салады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады