Еліміздің екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жол учаскелері жабылды

Сурет: Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты 3 ақпанда Жамбыл және Алматы облыстарындағы бірқатар жол учаскелерінде көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға сілтеме жасай отырып.

Алматы облысында 2025 жылғы 3 ақпан сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" тас жолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жамбыл облысында 2025 жылғы 3 ақпан сағат 18:15-те ауа райының бұзылуына байланысты "Меркі-Шу-Бұрылбайтал" тас жолының 166-268 шақырым аралығындағы учаскесінде (Биназар ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін синоптиктер 4 ақпандағы ауа райы құбылысын солтүстік антициклон анықтайтынын хабарлаған еді.

Алматы облысы
Тараз
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз