Қазақстанның екі өңірінде жол учаскелері жабылды

Сурет: pixabay
2025 жылы 5 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысына ішінара тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Қарағанды облысында көлік қозғалысын шектеуге байланысты шұғыл ақпарат таратты:

"2025 жылы 5 ақпанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады".

Сондай-ақ Абай облысында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

"2025 жылы 5 ақпанда  сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады".

Жолды 2025 жылғы 6 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін синоптиктер Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялағаны хабарланған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды